Алматыда көлік полицейлері қылмыстық жауапкершіліктен жасырынған екі шетелдікті қолға түсірді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Құқықтық тәртіп» және «Заңсыз мигрант» жедел іс-шаралары барысында барлығы 12 қылмыскер ұсталып, 1 із-түссіз жоғалған адам анықталған. Соның ішінде 11 қыркүйекте аса ауыр қылмыс жасаған 33 жастағы шетел азаматы, ал 15 қыркүйекте есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін үш жыл бойы іздеуде жүрген 49 жастағы тағы бір шетелдік қамауға алынды.
Қазіргі уақытта екеуінің де экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.