Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесіп, оны «Алтын Қыран» орденімен марапаттады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Президент бұл қадамды Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам деп атады. Ал Кирилл Қазақстанды «достас ел» деп атап, халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы миссиясын айтты.
Мемлекет басшысы орденді екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін және айрықша құрмет белгісі ретінде табыс етті.