Израильдің Катарға жасаған шабуылынан кейін Қатар мен АҚШ бірлесе қорғануға келісіп жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қатар Әмірімен кездесіп, елдің қауіпсіздігін қорғау үшін қорғаныс келісіміне тезірек келуді талқылады. Қатар тарапы Израильдің бұл әрекетін одақтасқа жасалған қастандық деп бағалап отыр.
Қатарда АҚШ-тың аймақтағы ең ірі әскери базасы орналасқан. Жаңа құжат Қатарға сыртқы қатерлерден қорғануда қосымша кепілдік бермек.