homepage
Фото: Reuters

БҰҰ: Израильдің Газадағы әрекеті - геноцид

16.09.2025, 16:54

БҰҰ-ның халықаралық тәуелсіз комиссиясы Израиль Газаға жасаған әрекетін «геноцид» деп бағалады. Бұл туралы ұйымның сайтында жазылған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл комиссия Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 47 мүше мемлекеті тағайындайтын тұлғалардан құралған. 2023 жылдан бері Израильдің Газадағы іс-қимылын зерттеп, 72 беттік баяндамаға сыйдырды.

Комиссия мүшелері Израиль әскері екі жыл ішінде 1948 жылғы конвенцияда анықталған геноцидтің бес актісінің төртеуін жасады деген қорытындыға келді. Әскерилер Газа секторында адам өлтірді, физикалық-психологиялық зиян келтірді, палестиндіктерді жойып, олардың санын көбейтпеуга бағытталған әрекет жасады деп айыптады.

Израиль үкіметі толығымен бұл кінәні жоққа шығарды.