homepage
Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда 160 миллион теңге мемлекет қаржысы негізсіз жұмсалып кете жаздаған

16.09.2025, 11:22

Екібастұз қаласының прокуратурасы қала әкімдігі жариялаған мемлекеттік сатып алуды тоқтатып, 160 миллион теңге қаржының негізсіз жұмсалуына жол бермеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тексеру кезінде әкімдік өндірістік база сатып алуға конкурс жариялағаны белгілі болды. Бірақ бұл мақсатқа қала бюджетінде тек 150 миллион теңге ғана қарастырылған. Прокуратура араласқаннан кейін сатып алу жоспары өзгертіліп, заң бұзушылықтың алдын алды.

Мемлекеттік сатып алу ережесін бұзған жауапты тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.