Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап қылмыстық заңнамаға өзгерістер күшіне енді. Бұдан былай қыз алып қашу әрекеті жәбірленушіні өз еркімен босатқан күннің өзінде қылмыстық жауапкершілікке әкеледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жаңа 125-1-бап «Некеге мәжбүрлеу» қылмыс түрі ретінде бекітілді. Мұндай әрекет үшін айыппұлдан бастап екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Егер ол зорлық-зомбылықпен, кәмелетке толмағанға қатысты немесе ауыр зардаптарға әкелсе, жаза бес жылдан он жылға дейін қатаңдатылуы мүмкін.
Бұл нормалар қоғамдағы қыз алып қашуды дәстүр емес, қылмыстық құқықбұзушылық деп анықтап, ең алдымен әйелдер мен жасөспірімдерді қорғауға бағытталды.