Бүгін елімізде найзағайлы жаңбыр, нөсер, бұршақ және дауылды жел күтіліп отыр. Әсіресе оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа райы қауіпті болады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Елдің батысында жауын-шашынсыз, бірақ өрт қаупі жоғары болып қала береді. Солтүстік пен шығыста тұман түсіп, ауа температурасы –2°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-сыныбы жарияланды. Қатты жел республиканың бүкіл аумағында соғады.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды далада от жақпауға, ашық алаңда темекі тартпауға және қураған шөп пен ағаштардың жанында от пайдаланбауға шақырады.