Атырау облысында зейнетақы қорындағы ақшаны заңсыз шығару ісіне байланысты ірі қылмыстық топтар әшкереленді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, ұйымдастырушылар елдің бірнеше қаласында жалған стоматологиялық клиникалар ашып, шын мәнінде жоқ емделулерге құжат жасаған. Осы арқылы азаматтардың қордағы ақшасын шешіп беріп, өздері 10–20 пайызын алып отырған. Алынған қаржыны қолма-қолға айналдыру үшін 226 адамды пайдаланған.
Барлығы 200 млрд теңгеден астам ақша айналымнан шығарылып, ол қаражатқа қымбат көліктер, пәтерлер мен жер телімдері сатып алынған. Қазір 59 тінту жасалып, 10 күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Зейнетақы қаражатын алған қарапайым салымшыларға жаза қолданылмайтыны айтылды.