homepage
Фото: Отандастар қорынан

Қазақстан мен Оңтүстік Корея диаспорамен жұмыс бойынша меморандумға қол қойды

15.09.2025, 16:57

Алматыда «Отандастар қоры» мен Оңтүстік Кореяның Шетелдегі корейлер істері жөніндегі агенттігі диаспорамен жұмыс бойынша меморандумға қол қойды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Құжат шетелдегі отандастарды қолдау, ұлттық бірегейлікті нығайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қалайды. Келісім агенттік тарапынан шетелдік ұйымдармен жасалған алғашқы халықаралық құжат болды.

Іс-шара аясында өткен ғылыми семинарда мәдени-гуманитарлық байланыстар мен диаспора әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.