homepage
Фото: KCNA via REUTERS/Көрнекі сурет

Солтүстік Корея ядролық мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді

15.09.2025, 16:27

Солтүстік Корея БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі елдің ядролық қаруға ие мемлекет ретіндегі мәртебесі енді өзгермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы мемлекеттік ақпарат агенттігі сүйене отырып, Reuters хабарлады.

Пхеньянның айтуынша, ядролық держава мәртебесі елдің негізгі заңына енгізілген және оны қайта қарау мүмкін емес. АҚШ-тың денуклеаризация жөніндегі талаптары «ішкі істерге араласу» деп бағаланды.

Солтүстік Корея өз ядролық қаруын «АҚШ тарапынан төнетін қауіпке қарсы жалғыз қорғаныс құралы» деп сипаттады.