homepage
Фото: polisia.kz

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдікті Түркиядан экстрадицияланды

15.09.2025, 11:04

Қазақстан азаматы, құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін елге экстрадицияланды. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерпол бөлімшесінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні Түркиядан алып келді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2015–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысында басшылық қызметте жүріп, заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде ақша алған. Қылмыстан кейін жасырынып, жеті жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген.

2024 жылдың қаңтарында күдікті Түркияның Измир қаласында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық топтың өзге мүшелері бұған дейін түрлі мерзімге сотталған. Заң бойынша мұндай әрекеттер үшін 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.