homepage
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

1 қыркүйектен бері Қазақстанда 529,6 мың адам жұмысқа орналасты

15.09.2025, 10:10

1 қыркүйектен бері Қазақстанда 529,6 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 237,3 мыңы жұмыспен қамтудың белсенді шаралары арқылы жұмыс тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 137 мың адам жіберілген. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында – 12 мың, жастар практикасында – 12,6 мың, қоғамдық жұмыстарда – 92,8 мың, «Күміс жас» жобасында – 15,9 мың, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 3,5 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында – 171 адам еңбекке тартылды.

Сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқуға 51,1 мың жұмыссыз қамтылып, 47,6 мыңы курсты аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 44,3 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыса, оның 25,4 мыңы сертификат алып шықты.

Министрлік дерегінше, азаматтарды жұмыспен қамту бірнеше бағыт арқылы жүзеге асуда. Мәселен, 529,6 мың адамның ішінде 137 мыңы жұмыспен қамту шаралары арқылы, 108,7 мыңы электронды еңбек биржасында жарияланған бос орындарға, 263,9 мыңы «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында, ал 20 мыңы орталық мемлекеттік органдардың жобалары арқылы жұмысқа орналасқан.

Сонымен қатар, биыл әлеуметтік осал топтар үшін жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 400 АЕК-ке дейін грант беру қарастырылған. 1 қыркүйекке дейін республика бойынша 4 287 грант берілді.