homepage
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Тоқаев бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады

15.09.2025, 01:27

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақстандық боксшыларды құттықтады деп хабарлайды juzmedia.kz.

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды.

Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті.

Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет.

Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – делінген құттықтауда.

Айта кетейік, бокстан 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.