Польша билігі Ресей дрондарының ел әуе кеңістігіне енуін қателік емес, әдейі жасалған әрекет деп мәлімдеді. Бұл пікір АҚШ президенті Дональд Трамптың «оқиға қателік болуы мүмкін» деген сөзіне қайшы келді деп хабарлайды Juzmedia.kz Рейтерске сілтеме жасап.
Премьер-министр Дональд Туск мұндай шабуылдардың кездейсоқ болуын қалағанын, алайда олардың шын мәнінде алдын ала жоспарланғанын айтты.
Ресей дрондарының Польшаның әуе кеңістігіне өтуі Варшава мен Мәскеу арасындағы шиеленісті одан әрі күшейтіп отыр.