Горджо Арманидің өсиетінде сән үйі сатылатыны немесе биржаға шығарылатыны жазылған деп хабарлайды Juzmedia.kz Рейтерске сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, алғашқы 18 айда компанияның 15 пайызы сатылып, кейінгі 3–5 жыл ішінде қосымша 30–54,9 пайыз үлеске дейін сатылуы мүмкін. Альтернативті нұсқа ретінде IPO өткізу қарастырылған.
Өсиетте басты сатып алушылар ретінде LVMH, L’Oréal және EssilorLuxottica сияқты ірі люкс компаниялардың аты аталған. Армани өзі дүниеден өтсе де, брендтің бақылауын сенімді серіктесі Панталео Делл’Орко мен құрылтай қорына қалдыруды көздеген.
Бұл шешім әлемдегі ең танымал сән үйлерінің бірі саналатын Армани бренді үшін жаңа кезеңнің басталатынын аңғартады.