homepage
Фото: REUTERS/Fabian Hamacher

Тайвань Қытай қаупіне байланысты қауіпсіздік нұсқаулығын жаңартты

12.09.2025, 15:12

Тайвань билігі азаматтарға арналған жаңа қауіпсіздік нұсқаулығын жариялады. Құжатта ел «берілді» деген хабарламалар жалған екені нақты көрсетілген деп хабарлайды Juzmedia.kz Рейтерске сілтеме жасап.

29 беттен тұратын нұсқаулықта бомба панасын табу, шұғыл жағдайға дайын жабдықтарды әзірлеу, балалармен дағдарыс туралы сөйлесу сияқты кеңестер берілген. Сондай-ақ TikTok, WeChat және DeepSeek AI қосымшалары арқылы жалған ақпарат таралуы мүмкін екені ескертілген.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілдерінің айтуынша, құжат Чехия мен Франция тәжірибесіне сүйеніп жасалған. Украинадағы жағдай да мұндай дайындықтың қажеттігін көрсеткен.