11 қыркүйек күні Маңғыстау облысында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қарақия ауданында «Toyota Hiace» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, шағын автобус жол шетіне аударылып кеткен деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында сегіз жолаушы көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болды. Жүргізуші мен тағы екі адам жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаменті қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.