Қазақстан ресейлік туристер үшін ең танымал шетелдік бағыттардың үштігіне кірді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізге келген ресейліктердің саны 1,23 миллионнан асқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Астанада өткен кездесуде Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенко осы деректерді келтіріп, екі ел арасындағы туристік алмасуда өсім барын атап өтті. Оның айтуынша, кері бағытта – яғни қазақстандықтардың Ресейге жасаған сапарлары да 1,03 миллионнан асқан.
2024 жылдың қорытындысында Қазақстанға 2,6 миллионнан астам ресейлік турист келген. Ал біздің елден Ресейге 2,2 миллионнан астам сапар жасалған.