homepage
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да алтын қазып жатқан шетелдіктер ұсталды

11.09.2025, 10:17

Шығыс Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде полицейлер заңсыз алтын қазу дерегін анықтады. Polisia.kz-тің хабарлауынша, бір аудан аумағында 19 шетелдік азамат пен Өскеменнің 2 тұрғыны қолға түскен деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Олардың пайдаланған экскаватор, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да техникалары тәркіленді. Сондай-ақ құрамында алтын мен өзге де бағалы металдардың белгілері бар бұйымдар айғақ ретінде алынды.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында 20-дан астам адамның әрекеті тексеріліп жатыр. Сараптамалар тағайындалып, істің барлық мән-жайы анықталуда.