Еуропалық одақ Қазақстанға қатысты санкция салуы мүмкін. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып Bloomberg хабарлайды. ЕО Қазақстан импорттайтын бірқатар техника мен жабдықтың едәуір бөлігі Ресейге жөнелтіп, олар қару-жарақ өндірісіне пайдаланып отыр деп күдіктенеді.
Әзірге санкцияға қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. Қазақстанды қара тізімге қосу үшін ЕО-ға мүше барлық елдердің қолдауы қажет. Егер шектеу бекітілсе, Қазақстанға белгілі бір техниканы сатып алуға тыйым салынады.
Тек Қазақстан ғана емес күдікке Қытай да ілінген. Бейжің Ресейге әскери техника мен дрон өндірісінде көмектесіп отыр деген болжам бар, бірақ нақты дәлелдер жарияланған жоқ.
Қазір Еуроодақ Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін салуды талқылап жатыр. Оның аясында ресейлік банктер мен мұнай компанияларына қарсы қосымша шектеулер, «көлеңкелі» танкер флотын қайта сақтандыруға тыйым, үшінші елдердің мұнай трейдерлеріне санкциялар енгізіледі.
Нақты шаралар осы апта ішінде жариялануы керек.