Ішкі істер министрлігі ата-аналарға баласын буллингтен қорғауға арналған кеңестерін жариялады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Егер балаңыз:
– еш себепсіз мектепке немесе сабаққа барғысы келмесе;
– жиі басының не ішінің ауырғанын айтса;
– оқуға және үйірмелерге қызығушылығы болмаса;
– үйге сынған немесе жоғалған заттармен қайтып келсе;
– тұйық, мазасыз, үндемейтін болып кетсе;
– мектеп, сыныптастары туралы әңгімеден қашқақтаса;
– қорқып, күдіктеніп, мінезі күрт өзгерсе – бұған міндетті түрде назар аударыңыз.
Онда балаңызды қолдау маңызды:
– Тыңдаңыз және сеніңіз. Мәселе сізге ұсақ-түйек болып көрінсе де, бала үшін ол өте маңызды болуы мүмкін.
– Ашық сөйлесіңіз. “Мектепте өзіңді қалай сезінесің? Сені мазалайтын мәселе бар ма?” деп сұраңыз.
– Өзін-өзі бағалауды нығайтыңыз. Балаңызды қолдап, жетістіктерін айтып отырыңыз.
– “Жоқ” деп айтуға үйретіңіз. Жеке шекарасын қорғай білуді дамытыңыз.
– Сенім орнатыңыз. Бала ата-анасының әрдайым оның жағында екенін білуі тиіс.
– Балаңызбен достық, құрмет және ізгілік туралы сөйлесіңіз.
– Сезімталдыққа үйретіңіз: әділетсіздікке тап болған кейіпкерлер жайлы кітаптар мен фильмдерді бірге талқылаңыз.
– Агрессивті контентті шектеп, интернет ортасын бақылап отырыңыз.
– Үлгі болыңыз. Отбасыда дөрекілік пен кемсітушілікке жол бермеңіз.
– Есіңізде болсын: буллингтің салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда жеңіл. Ең маңыздысы – отбасының қолдауы және ата-ана мен бала арасындағы сенім.