2025 жылдан бастап ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алдымен үш тәулікке дейін медициналық ұйымдарда тексеруден өтеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл қадамның мақсаты – баланың денсаулығын дер кезінде тексеру, қажет болса медициналық көмек көрсету және әрі қарайғы қолдауды заң аясында ұйымдастыру.
«Ең бастысы – әрбір бала алғашқы күннен-ақ мемлекеттің қамқорлығын сезінуі тиіс», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде жетім балаларға арналған 111 ұйым бар. Онда 3,6 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Тағы 17 мыңнан астам жетім бала отбасылардың қамқорлығында өсіп жатыр.