Қазақстан Мәжілісі ең төменгі жалақыны белгілеу туралы халықаралық келісімді қабылдады. Енді біздің елдегі ең төменгі жалақыны есептеу әдісі әлемдік деңгейде бекітіледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Құжатта жалақыны анықтағанда халықтың күнкөрісіне жетуі, елдің экономикалық жағдайы ескерілуі тиіс делінген. Сонымен бірге жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың пікірі ескеріліп, еңбекақыда кемсітушілікке жол берілмейді.
Қазақстан 1993 жылдан бері Халықаралық еңбек ұйымының мүшесі. Осы уақытқа дейін еңбекке қатысты 28 халықаралық келісімді қабылдаған.