9 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Астанада, сондай-ақ Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Алматы, Жетісу, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында найзағай ойнап, бұршақ пен қатты дауыл соғуы мүмкін деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін, ал Алакөл маңында 25 метрге дейін жетеді. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болуы ықтимал.
Сонымен бірге 11 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.