Ұлыбритания үкіметі Израильдің Газа секторындағы іс-әрекеттерін геноцид деп бағалаған жоқ. Бұл туралы бұрынғы сыртқы істер министрі Дэвид Ламми парламенттік комитетке жолдаған хатында мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz Рейтерске сілтеме жасап.
Хатта Ламми геноцид қылмысы нақты «бір ұлтты, этносты, нәсілді немесе діни топты толық не ішінара жою ниеті» болған жағдайда ғана анықталатынын атап өтті. Оның сөзінше, Ұлыбритания Израильдің мұндай ниетпен әрекет етіп жатқанын анықтамаған.
Сонымен қатар, Ламми Газа тұрғындары арасындағы әйелдер мен балаларды қоса алғанда, бейбіт адамдардың көп қырылуы «өте сұмдық жағдай» екенін айтып, Израильді зардапты азайтуға шақырды.