homepage
Фото: REUTERS/Maksym Kishka/

Украинадағы соғыстан Ресейге оралған ардагерлер елге қауіп төндіруі мүмкін

09.09.2025, 16:33

Reuters агенттігі Ресей үшін Украинадағы соғысқа қатысқан жүздеген мың әскери мен түрмеден босатылған қылмыскерлердің елге оралуы жаңа әлеуметтік мәселелерге әкелуі ықтимал екенін жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мысал ретінде, 2021 жылы әйелін өлтіргені үшін сотталған Азамат Искалиев соғысқа қатысу шартымен бостандыққа шыққан. Бірақ кейін ол бұрынғы сүйіктісін қатыгездікпен өлтіріп, 19 жылға қайта сотталды. Мұндай жағдайлар соғысқа барған сотталғандардың бейбіт өмірге қайта бейімделуіндегі қиындықтарды көрсетіп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, соғысқа қатысқандардың жалпы саны 1,5 миллионнан асқан. Олардың бір бөлігі конвикттер, жараланғандар немесе жасы келгендер болса да, әлі 700 мыңға жуық сарбаз майданда тұр. Ардагерлердің елге жаппай оралуы қылмыстың өсуі, экономикалық қиындықтар мен саяси тұрақтылыққа қатер төндіруі мүмкін деген қауіп бар.

Кремль бұл жағдайды басқару үшін ардагерлерді саясатқа тарту, мемлекеттік қызметке орналастыру және әлеуметтік бағдарламаларға қатыстыру жолын қарастыруда. Алайда сарапшылар мұндай шаралардың жеткілікті болмай, қоғамда жаңа қайшылықтар тудыруы мүмкін екенін ескертеді.