homepage
Фото: Новини Live

2,5 миллиард Gmail аккаунтының деректері хакерлердің қолына түсті

09.09.2025, 14:36

Google-дың деректер базасына шабуыл жасалып, 2,5 миллиардқа дейінгі Gmail қолданушысының ақпаратына қауіп төнді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қатерлерді болжау орталығы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті бұл деректердің ShinyHunters хакерлік тобына өткенін мәлімдеді.

Хакерлер Google қызметкерін алдап, IT-жабдыққа қол жеткізген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған. Парольдердің өзі ұрланбағанымен, алаяқтар әлеуметтік инженерия әдістері арқылы қолданушылардан құпия код пен аккаунтқа кіру мүмкіндігін иемденген.

Мамандар азаматтарға құпиясөздерін дереу жаңартуды, екі факторлы аутентификацияны қосуды және Google атынан келген күмәнді қоңыраулар мен хаттарға сенбеуді ескертеді. Сарапшылардың айтуынша, жартылай ашық деректердің өзі алаяқтық схемаларға негіз бола алады.