homepage
Фото: Stan.kz/Көрнекі сурет

Алматылық қыз өзіне қол жүгірткен белгісіз азаматтың үстінен шағымданды

09.09.2025, 12:35

Алматының Түрксіб ауданында 8 қыркүйекте қыз белгісіз жігіттің шабуылына ұшырады. Жәбірленушінің айтуынша, ол артынан еріп келіп, үйінің қасында денесіне қол жүгіртіп қашып кеткен деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Камера жазбаларында күдіктінің қыздың соңынан жүргені анық көрінеді. Қыз құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, оны жауапқа тартуды талап етті.

Заң бойынша мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал егер ол күш қолданумен немесе қысым көрсетумен қатар жасалса, жаза қатаңдай түседі.