Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көмекшілер құрамына бірқатар жаңа есімдерді қосты. Руслан Желдібай Мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ол бұрын Мемлекет басшысының көеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болған еді.
Сондай-ақ «Қазақтелекомды» ұзақ жыл басқарған Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі қызметіне келді. Ол өткен жылы кеңесші лауазымына бекітілген болатын.
Бұдан бөлек, Президенттің протокол қызметін басқарған Марат Ашим Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.