Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған жергілікті тұрғын бес күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, ер адам 5 қарашада үйінен шығып кеткен.
«Қарабалық ауданы Славянка ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалықтарының бірінде 1987 жылы туылған ер адам мал іздеп шығып, сол күйі хабарласпай кеткен», - делінген ТЖД хабарламасында.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, шекарашылар, еріктілер, кинологтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға әсіресе күзгі-қысқы ауа райының құбылмалы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
Бірнеше негізгі ұсыныстар: