homepage
Фото: Digital Business.kz

Ұлттық суперкомпьютер іске қосылып, қазақша тіл моделі жасалды

09.09.2025, 11:19

Елімізде жасанды интеллектті дамытуға арналған ұлттық суперкомпьютерлік жүйе іске қосылды. Соның негізінде қазақ тілін түсінетін алғашқы ірі модель – KazLLM жасалды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Жаңа жүйе мемлекеттік деректерді өңдеп, қазақша қызмет көрсететін цифрлық шешімдерге қолданыла бастады. Оның көмегімен eGovAI, QazaqLaw және e-Otinish секілді сервистер жетілдірілуде.

Министрліктің айтуынша, бұл қадам қазақ тіліндегі жасанды интеллекттің дамуына жол ашып, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.