homepage
Фото: egemen.kz

Қазақстанда 9 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды

09.09.2025, 09:32

«Қазгидромет» дерегінше, 9 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірлерінде өрт қаупі күшейіп, қолайсыз ауа райы күтіледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында өрт қауіптілігінің ең жоғары — 5-сыныбы жарияланды. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр, бұршақ және қатты жел болжанса, батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика аумағында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, ал солтүстік, шығыс және орталықта түнгі әрі таңғы уақытта тұман түседі.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға далада от жақпауға, ашық алаңда темекі тартпауға және қураған шөп пен ағаш маңында от пайдаланбауға кеңес берді.