Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ең маңызды ақпараттарды juzmedia.kz оқырмандарға ұсынады.
Бір палаталы парламент енгізу. Тоқаев Сенатты таратып, бір палатаны қалдыруды ұсынды. Ол 2027 жылғы референдум кезінде шешіледі
Жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту. Елде Жасанды интеллект және Цифрлық даму министрлігі құрылатын болады.
Өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен металлургияны дамыту. Алдағы үш жылда кемінде үш жоғары технологиялы кәсіпорын ашу жоспары бар.
АЭС жобасы жалғасады. Президент тапсырмасы бойынша, екінші және үшінші атом станциясын салатын орындар анықталуы керек.
Банк туралы жаңа заң қабылданады. Банктер тек жеке азаматтарға несие бермей, экономикадағы ірі жобаларға да белсенді түрде қаржы салу керек дейді Тоқаев.
Цифрлық активтер экожүйесі құрылады. Бұл дегеніміз - цифрлық теңгені дамытып, оны тек Ұлттық қорда ғана емес республикалық және жергілікті бюджет үшін де қолданады.
"Smart-cargo" жүйесін енгізіледі яғни жүк тасымалдауды барынша цифрлы етпек. Президенттің сөзінше, ол жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді.
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару комитетінің атауы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті болып өзгертіледі.Тоқаев айтуынша, шетелге заңсыз шығарылған активтер толық дерлік қайтарылды. Енді ұйым инвесторлар мүддесі үшін жұмыс істейді.
Қазақ Digital» мектебі атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірленеді. Ол оқулықта мектеп оқушыларына арналған ЖИ негіздері туралы материалдар болады.