homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев бір палаталы парламент құруды ұсынды

08.09.2025, 12:46

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мемлекет басшысы Сенатқа он жыл басшылық еткенін еске алып, бұл мәселені айту оңай еместігін жеткізді. Дегенмен ол мұндай реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында және қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы тиіс екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, бастаманы асығыс жүзеге асыруға болмайды. Ол бұл мәселені талқылауға бір жыл уақыт қажет деп санайды. 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізіп, Конституцияға өзгеріс енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Тоқаев егер қоғам бір палаталы Парламент құру туралы ортақ шешімге келсе, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлау қажет деп есептейтінін айтты.