Қазақстанда туристік нысандарды ретке келтіру ісі Мемлекет басшысының жеке бақылауында болады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтты.
Президенттің сөзінше, туризм саласында кәсіби кадрлар тапшы, инфрақұрылым жеткіліксіз, ал бәсекеге қабілеттілік деңгейі әлі де төмен.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға инфрақұрылымды жан-жақты дамыту міндеті жүктеледі. Ал шетелдік турист тарту және заңнамалық негізді қалыптастыру орталық органдардың құзырында болады.
Тоқаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау туризміне жеке тоқталып, қазіргі ең өзекті мәселе – заманауи инфрақұрылым салу екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл міндет ойдағыдай орындалса, Қазақстан курорттары әлемге танылып, ұлттық брендке айналады