homepage
Фото: Ақорда

Тоқаев жаңа министрлік құруды ұсынды

08.09.2025, 11:11

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні өтіп жатқан Жолдауында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды ұсынды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек” – деді Президент. 

Сондай-ақ Тоқаев экономиканың барлық саласына жасанды интеллекті енгізу керек екенін айтты.