Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде Қазақстан бір жыл бұрын 62-орында болса, ал 2024 жылы 146 елдің ішінен тек 76-орынға ие болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ranking.kz жазуынша, посткеңестік елдер ішінде Қазақстан тек Қырғызстан (90-орын), Әзербайжан (103-орын) және Тәжікстаннан (112-орын) ғана озып тұр.
ҚАЙ ЕЛ ЕР МЕН ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІН ҚАТАР ҰСТАНАДЫ?
Ерлер мен әйелдерге тең жағдай ұсынатын ең қолайлы ел Исландия болып саналады.
Тұтастай алғанда, Скандинавия елдері гендерлік теңдік деңгейі ең жоғары бес елдің төрттігіне енді.
«Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасында жоғары орындарды Литва (11-орын), Молдова (13-орын), Эстония (29-орын) және Латвия (30-орын) иеленді», - делінген сараптамада.
РЕЙТИНГ ҚАЛАЙ БАҒАЛАНАДЫ?
Жаһандық гендерлік айырмашылық индексі жыл сайын гендерлік тепе-теңдіктің қазіргі жағдайы мен эволюциясын төрт негізгі өлшем - экономикалық жағдай мен мүмкіндіктер, білім алу деңгейі, денсаулық пен өмір сүру және әйелдердің саяси мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бағалайды.
Индекс елдердің 2006 жылдан бері осы санаттардағы гендерлік алшақтықты жоюдағы жетістіктерін бақылайды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.