Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу көпшілік алдына шықты. Оны ҰҚК ұстады деген жаңалық тараған еді. Журналистер Қытайдан келген соң оның қайда болғанын сұрады.
"Жұмыста жиналыстар болды. Білесіздер, басқа елдегі әріптестермен телефонмен сөйлестіп, инвесторлармен кездестік. Барлығы әдеттегідей", - деді ол тілшілерге.
Бірақ өзі туралы хабар таратқан Orda.kz басылымын сотқа бермейтінін, "онымен құзырлы органдар айналысуы керек” екенін айтты.
"Аққа құдай жақ, Бұл да бір сынақ шығар", - деді ол басындағы жағдай туралы.
Еске салайық, өткен аптада Orda.kz басылымы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және ықпалды бизнесмен Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны жайлы жаңалық жариялаған. Бірақ артынан министрдің баспасөз қызметі және ҰҚК бұл ақпаратты жоққа шығарды.