«Қазгидромет» мәліметінше, 8 қыркүйекте елдің бірқатар өңірлерінде қауіпті ауа райы күтіледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және батыс аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде найзағай, бұршақ, қатты жел және тұман болжануда. Ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ашық жерлерден аулақ болуға, табиғатта от жақпауға, көру нашарлаған кезде сапарларды шектеуге және ресми хабарламаларды қадағалауға кеңес береді.