Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін иеленді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Компаунд бағдарламасы бойынша ел намысын қорғаған Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова Ұлыбритания құрамасын 232:228 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл – Қазақстан тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер арасында Яна Туниянц қола жүлде жеңіп алған еді.