Украина президенті Владимир Зеленский әскер қолданып жүрген қарудың шамамен 60 пайызы елде өндірілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz Рейтерске сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш екі ай бұрын қойылған межеден асып түсті.
«Қазір біздің сарбаздардың қолындағы қарудың басым бөлігі – украиналық. Бұлар қуатты әрі заманауи қарулар», – деді ол бейнеүндеуінде.
Зеленский қару өндірісін күшейту – елдің болашақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты бағыт екенін атап өтті.
Украина әсіресе дрондар жасауға және әуе шабуылына қарсы жүйелерді дамытуға басымдық беріп отыр. Сонымен қатар, Даниямен бірлескен өндіріс жобасы да жүзеге асырылуда.