homepage

Мысырда қазақстандық туристер мінген автобус аударылды

Juzmedia. kz
10.11.2024, 11:17

Мысырда 40-тан астам турист мінген автобус аударылды. Туристердің арасында қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сairo24 басылымының жазуынша, жол-көлік апаты 10 қарашада Рас-Сидр қаласында болған.

«Анықталғандай, 31 турист ресейлік мен украиналықтар болған. Зардап шеккендердің арасында 3 қазақстандық, 3 әзербайдандық және төрт мысырлық турист бар, олар ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Жол апатының себептері айтылған жоқ. 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.