Алматы облысының Талғар қаласында ер адам өз танысын атып өлтіріп, оның екі жасар қызын алып қашқан деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Адвокат Гаухар Сариеваның айтуынша, оның әпкесі күдікті тарапынан зорлық-зомбылық көргенін бір ай бұрын полицияға хабарлағанымен, шара қолданылмаған. Кейін Сариева мен жұбайы күдіктіні өздері ұстап, бөлімшеге жеткізген, бірақ ол көп ұзамай босатылған. Бірнеше күннен соң ер адам әйелдің туысының үйіне барып, оның ағасын атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен.
Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ жұмылдырылып, бала аман-есен құтқарылды. Қашу барысында күдікті қызды көлікпен бірге обрыққа құлатып алған. Бүлдіршін жарақат алып, жедел ота жасалды: дәрігерлер оның тіліне сегіз тігіс салған. Қазір қыздың өміріне қауіп жоқ.
Кейбір БАҚ күдіктінің ұсталғанын жазғанмен, тиісті орындар әлі мәлімдеме жасамады.
Айта кетейік, дәл осы Талғар қаласына бір жыл бұрын бүкіл елді дүрліктірген “Шерзат оқиғасы” болған еді. Бұл оқиғаға салғырттық танытқан жергілікті полиция басшылығының бірсыпырасы қызметінен кеткен болатын.