homepage
Фото: REUTERS/Kent Nishimura/

АҚШ соты Трамптың шетелдік көмекті қысқартуына тыйым салды

06.09.2025, 12:28

АҚШ-тың апелляциялық соты Дональд Трамп әкімшілігінің Конгресс бекіткен шетелдік көмекті қысқарту жоспарын заңсыз деп таныды деп хабарлайды Juzmedia.kz Рейтерске сілтеме жасап.

Әңгіме шамамен 11 миллиард доллар туралы болып отыр. Бұл қаржы демократияны қолдау жобаларына, БҰҰ бітімгершілік миссияларына және басқа да шетелдік бағдарламаларға бөлінген еді. Трамп әкімшілігі соның 4 миллиард долларын жұмсамауды көздеген.

Сот Конгресс қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда президент оны өз бетінше тоқтата алмайтынын айтты. Егер шешім күшінде қалса, Трамп әкімшілігі Конгрессті айналып өтіп, шетелдік көмекті қысқарта алмайды.