homepage
Фото: egemen.kz

6 қыркүйекте Қазақстанда төтенше өрт қаупі мен дауылды ескерту жарияланды

06.09.2025, 09:39

Бүгін еліміздің оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде, сондай-ақ Алматы, Шымкент және Астана қалаларында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталуда деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. Қызылорда мен Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі деп күтілсе, еліміздің көптеген өңірлерінде желдің екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Мамандар тұрғындарға ауа райы болжамына назар аударып, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.