homepage
Фото: ашық дереккөзден

Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

06.09.2025, 11:22

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу аясында оның лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану деректері, сондай-ақ әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері қаралуда. Арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жариялауға жатпайды.