Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша арнайы операция жүргізіп, республика тарихында алғаш рет 13 тоннадан астам кокаин тәркіледі деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алматыда қолға түскен жүктің жалпы салмағы 13 тонна 183 килограмға жеткен. Ол Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит ретінде жеткізілмек болған. Операция барысында есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, қамауға алынды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. ҰҚК өзге мәліметті жария етуге жатпайтынын атап өтті.