homepage
Фото: gov.kz/Көрнекі сурет

Қостанай облысындағы дала өрті толық сөндірілді

05.09.2025, 12:24

Қостанай облысында болған дала өрті толығымен ауыздықталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті әкімдік пен атқарушы органдар, екінші құтқару батальоны, аумақтық қорғаныс әскери бөлімдері, Ұлттық ұлан, полиция академиясы және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы да қолданылды.

Жалпы алғанда, тілсіз жаумен күреске 550-ден астам адам және шамамен 80 техника тартылды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жоқ.