homepage
Фото: REUTERS/Manon Cruz

Францияда жастар кәрілерді елді қарызға батырды деп сынауда

05.09.2025, 11:21

Францияда жастар бейби-бумерлерді – яғни 1945–1964 жылдары туғандарды – елді қарызға батырды деп сынап отыр. «NicolasQuiPaie» («Николя төлейді») деген атаумен әлеуметтік желіде басталған қозғалысқа ондаған мың адам қосылды деп хабарлайды Juzmedia.kz Рейтерске сілтеме жасап.

Жастардың айтуынша, бумерлердің салықтары зейнеткерлердің қомақты табысын, ерте шыққан зейнетін және арзанға түскен үйлерін қамтамасыз етіп отыр

Қазір Франция Еуроодақтағы ең үлкен бюджет тапшылығымен бетпе-бет тұр. Жастар «саясаткерлер қарттардың дауысына тәуелді болғандықтан, барлық салмақ еңбек жасындағы адамдардың иығына түсуде» дейді. Қозғалыстың символы – 30 жастағы «Николя», ол жұмыс істеп жүріп, 70 жастағы «Бернар мен Шантальдың» коктейль ішіп, жайлы өмір сүруін қаржыландырып отырған бейнеде көрсетіледі.

Бұл ұран елдің саяси сахнасында үлкен талқылау туғызды. Кейбір саясаткерлер жастардың талабына түсіністік танытса, көп бөлігі зейнеткерлерді қорғап отыр.

Сарапшылардың айтуынша, буындар арасындағы алшақтық дамыған елдердің көбінде бар, бірақ Францияда ол айрықша қатты сезіледі.