homepage
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Қажымұқан» фильмі Кореядағы фестивальде қос жүлде жеңді

05.09.2025, 10:53

Қазақстандық «Қажымұқан» тарихи фильмі Сеулде өткен халықаралық кинофестивальде Гран-при иеленіп, «Ең үздік фильм» номинациясында үздік атанды. Сондай-ақ басты рөлді сомдаған актер Ербол Төлепберген «Үздік басты рөл» жүлдесін алды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Фильмде қазақтың тұңғыш чемпионы, аты аңызға айналған балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі, оның спорттағы жетістіктерімен бірге ел рухын көтерудегі рөлі суреттеледі. Режиссер Қанағат Мұстафин он жылдан астам зерттеу жүргізіп, тарихи деректерді негізге алған.

Бұған дейін «Қажымұқан» Италияда өткен халықаралық IPAAF – Apoxiomeno кинофестивалінде де бірнеше марапатқа ие болған. Ал Қазақстанда фильм өткен жылы кең көлемде прокатқа шығып, Қазақ киносының онкүндігі аясында да көрсетілген.